Шымкентте 3D форматтағы көрме ашылды

961

IMG_6874

IMG_6878

Азулы арыстандар мен барыстар, тікенек тілді кесіртке мен шаяндар және сан түрлі улы жыландар. Алып тасын арқалаған тасбақа да осында. Мұнда аңдар мен бауырымен жорғалаушылардың барлығын, тіпті, ертегі кейіпкерлерін де кездестіресіз. Көзге жәй ғана сурет болып көрінгенімен, фото немесе бейнеге түскенде оларға жан бітеді. Мұның барлығы да бенелеу өнері мұражайында ашылған 3D форматты көрменің төрінен табылып отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=d0y6C3QG3gQ[/youtube]

3 D форматты фотоларды кинотуындыларда немесе өзге де түсірілімдерде кеңінен қолдану қазір әлемде сәнге айналды. Режиссерлар енді бұрынғыдай жан-жануарларды іздеп әлекке түспейді, арнайы өңдеу арқылы 3D форматын қолданады. Бұл көреремендердің де үлкен қызығушылығын тудырып отыр.

IMG_6946

Ең бастысы, 3D еңбектерін жасауға күрделі технологияның қажеті жоқ. Оны қылқалам өнерімен салса да болады немесе мөрлеу тіпті жапсырма суреттерді қолдануға да болатын көрінеді. Тек бояуы қанық әрі көлеңкесі болса болғаны. Көрмеде белгілі ресейлік суретшілер Павел Родж және Максим Гончеренконың еңбектері таныстырылды.

IMG_6935

IMG_6893

Алексей Коновалов, көрме ұйымдастырушысы: «Бұл көрме саласында жүргеніме 7 жылдан асты. Әлемде ең сұранысқа ие деген бейнелерді көпке ұсынып жүрмін. Авторлардан еңбекті сатып алған соң оны 1,5 жыл уақыт бойы осылай ел аралап көрсетеміз. Одан кейін бейне өз сапасын жоғалта бастайды. Және суретшілердің кез келген туындысы бұлай қанық шықпайды, олар мұның бояуын Германиядан сатып алады.»

IMG_6888

Ұйымдастырушылар 3D форматты көрме Шымкентте 12 наурыз бен 17 мамыр күндері аралағында жұмыс істейді деп отыр. Одан кейін шетелдерді аралауға шығады.