Шымкенттегі «Rixos Khadisha» қонақ үйінде «Шымкент инновация» компаниясының қолдауымен ауадан су өндіру инновациялық жобасының таныстырылымы өтті. Бұл жоба «Ecocycle – Vital technologies» атмосфералық су генераторы жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылады.
Бұл құрылғы конденсат принципі бойынша ауадағы ылғалдылықты суға айналдырып, ол су бірнеше сүзгілер арқылы тазартылады. Атмосфералық су генереторы көміртегі, кері осмос және ультракүлгін зарарсыздандыру шамы сияқты сүзгілерді қолданады. Нәтижесінде жай ауадан таза ауыз су шығады.
Атмосфералық су генераторы қазіргі уақытта осы саладпғы қолжетімді жаңа технологияларды пайдаланады. «Ecocycle» компаниясы электр энергиясын ең аз мөлшерде пайдалана отырып, жоғары сапалы ауызсудың мол мөлшерін өндіруге арналған атмосфералық су генераторын ұсынады.
Атмосфералық су генераторынан шыққан судың артықшылықтары — мультифильтрация процесі суда болатын вирустардан, бактериялардан, пестицидтерден, ауыр металдардан және ластаушы заттардан тазартады. Сонымен қатар су құрамындағы оттегі ағзаның зат алмасуын қызметін жақсартады.
Бүгінгі таңда «Шымкент инновация» ЖШС осы жобаға қолдау көрсетуде. Компанияның ерекшелігі — инновациялық жобаны іске асыру үшін кешенді тәсілді қолданады. Сондай-ақ, комания үшін жобаның болашағы өте маңызды. Ол үшін компания қызметкерлері нарықты зерттеп, инвесторларды тарту қызметін көрсетеді.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі