Шымкентте іскер әйелдер бас қосты

390
фото: //bnews.kz

Шымкенттегі «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде аймақтық VIII «Әйел және бизнес» конференциясы өтті. Бұл туралы bnews.kz ақпараттық порталы жазады.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен «KMF» шағын қаржы ұйымы, «KMF-Демеу» КҚ, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы ұйымдастырған конференцияға кәсіпкер әйелдер, микроқаржыландыру саласындағы сарапшылар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қаржы институттарының және кәсіпкерлікті қолдаудың басқа да құрылымдарында жұмыс істейтін қыз-келіншектер қатысты.

фото: //bnews.kz
фото: //bnews.kz

Жиынға қатысқан 120-дан астам іскер әйелдерді облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр шуақты көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз – халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тіледі.

Конференцияның негізгі мақсаты – әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру. Әйелдердің іскерлік белсенділігін дамыту, бизнесті жүргізу бойынша тәжірибелік білім алмасу, іскери байланыстарды орнату және дамыту болатын.

«Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы. Біздіңше, тұрақтылық татулықты талап етеді. Ал еліміздегі татулық – бизнестің дамуының бір себебі. Бір шаңырақтың астында баршамыздың тату-тәтті өмір сүруіміздің арқасында еліміздегі бизнес қарқынмен дамып келе жатқанын нық сеніммен айтамыз.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=h1J2ot2_xL0[/youtube]

«Бүгінде мемлекет кәсіпкерлікті қолдап, қуаттап отыр. Субсидия беріп жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлік дамыған. Көбі отбасылық бизнеспен айналысады. Аймақта көпбалалы отбасылар көп. Бұл да отбасылық бизнестің дамуына сеп болуда. Меніңше, отбасылық кәсіптің болашағы бар. Бұл тек қана бизнес емес, жастарды жұмыспен қамту екеніне де көңіл бөлгенміз абзал» дейді «KMF» шағын қаржы ұйымының Шымкент қаласындағы филиал директоры Күлсара Сапарбекова.