Шымкентте «Менің елім – мәңгілік ел» өнер фестивалі өтті

404

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 20 жыл. Айтулы датаға орай облыс орталығында түрлі мәдени іс-шаралар қолға алынған. Соның бірі – Шымкетте «Менің елім – мәңгілік ел» атты өнер фестивалі өтті.

халық әндері шырқалды
халық әндері шырқалды

Ақ тілек құттықтаулар, ақжарма ән күйлер мен халық өнері. Салт-жоралғыны жаңғырту. Мұндай мерекеге толы әсердің барлығынан отандастарымыз қарап қалмады. Ұлттық болмысынан сыр шертер өнерлерін паш етті. Көрермендер залына жиналған жамағат бір шаңырақ астында шоғырланған ағайынның татулығына тағы да куә болды.

Мүбәрәк Мінәбарова, өзбек этно-мәдени орталығының өкілі: «Мерекені керемет әсермен тойлап жатырмыз, өте қуаныштымыз. Барша ағайынды бүгінгі мейраммен құттықтаймыз! Ең алдымен біздің дәстүріміздің, мәдениетміздің дамуына Қазақстанда бар жағдай жасалған, Елбасымызға бар алғысымызды білдіреміз! Шүкір! Алдағы күндері де осында алған білімімізді шыңдап, Отан үшін қызмет етеміз.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=EYLswOomCUU[/youtube]

Еске салайық, Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен құрылған. Нұрсұлтан Назарбаев ынтымағы жарасқан ассамблеяны құру идеясын алғаш рет 1992 жылы тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялаған болатын.

Игі іске өзі төрағалық етіп, өзі бастамашы болды. Сол жылдары ассамблеяның хатшылығы қызметі бекітілді. Оны облысымызда Сейдахмет Әуелбекұлы атқарыпты. Зейнеткердің айтуынша, жылдар бойы ұлттар мен ұлыстардың татулығын сақтауға талайлар талпынған-ақ.

Сейдахмет Байдәулетов, зейнеткер: «Кеңес Үкіметі талай ұлттың басын қосып, мемлекет жасағысы келді. Бірақ Кеңес Үкіметінің қателігі – ұлттардың құқығын сыйламады, ұлттарды тең санамады. Соның нәтижесінде тарап кетті. Біз бірінші күннен бастап, яғни Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ешқандай қателікке бой ұрмай, ұлттарды сыйлауды, құрметтеуді үлкен мақсат еттік. Бүгінде сол мақсатты орындап келеміз.»

857

855

856

Мерейтой құрметіне арналған ауқымы кең мәдени іс-шараларды ұйымдастыру әлі жыл бойы жалғасады. Айта кетейік, бүгінде облысымызда 140-қа жуық ұлт өкілдері шоғырланған. Олардың дәстүр-мәдениеті дамуы үшін өңірімізде 20 этно-мәдени орталық белсенді қызмет етіп келеді.