Шымкентте «Жасыл аймақ» мекемесі құрылды

564

Шымкентте 2008 жылы басталған «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша іс жалғасын табуда. Осы көкөтемде қала аумағында 2,5 мың гектар алқапқа көшет егіледі деп күтілуде. Бұған дейін де 2,5 мың гектар жерге ағаш егілгені белгілі. Ал осы көшеттерді күту мақсатында облыс әкімінің қаулысымен «Жасыл аймақ» мемлекеттік коммуналдық мекемесі құрылды.

009

2015 жылдың 1 сәуірінен бастап мекеменің басшысы тағайындалып, жұмыс басталмақ. Ал әзірге мамандар бұрын егілген көшеттердің түбін қопсытып жатыр.

Шымкент қаласының айналасынан бөлінген 2500 гектар жер учаскесі Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемеге берілді. Бүгінгі таңда жер дайындау жұмысы толығымен аяқталған. Күзде көшет егіледі. Қаланың бас жоспарының бекітілуіне байланысты жасыл аймақтың ауқымы келешекте 26 мың гектарға ұлғайтылады деген жоспар бар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=-jYqwoNVewA[/youtube]

2009 жылы мың гектер жерге 398 мың 437 ағаш көшеті отырғызылып. 150 млн. теңге жұмсалды. 2010 жылы Сайрам, Ордабасы аудандарынан жер телімдері алынып, 680 мың түп қарағаш, үйеңкі, өрік, жиде ағаштарының көшеттері егілген. Ал 2011 жылы төрт ұңғыма қазылып, жасыл желек 40 мың тұп ағашпен толықты. Жалпы сол егілген көшеттердің бүгінгі таңда 75-80 пайызы жерсінген дейді мамандар.

Бүгінде 2500 гектар жасыл аймақтың мың гектары қаланың қарауында болса. 2 мыңнан астамы Бадам орман шаруашылығында. Енді осы алқаптың барлығы біріктіріліп, жаңа құрылған «Жасыл аймақ» мемлекеттік мекемесіне қарайтын болады.