«ЮНЕСКО» таланттарды іздейді

327

«Юнеско» таланттарды анықтауға кірісті. Шымкентке арнайы келген федерация өкілдері өнерлі жастарды қолдау үшін іріктеу шарасын қолға алды. Ән, би және сазды аспаптар өнер бөлімдері бойынша өрбіген сайысқа өңіріміздің аудан-қаласынан 12-17 жас аралығындағы 50-ден астам үміткер қатысты.

Махаббат Төрехан
Махаббат Төрехан

Махаббат Төреханның жасы 13-те. Үміткер Ордабасы ауданынан келген. 2 жылдан бері вокал үйірмесіне қатысып келеді. Байқаудың іріктеу шарасында жеткіншек талантты әнші Жанар Дұғалованың орындауындағы туындыны ұсынды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Ns44QqNBYTw[/youtube]

Махаббат Төрехан, үміткер: «Үлкен қобалжуды сезіндім, бірақ 2 апта бойы дайындығымның нәтижесінде ойдағыдай өнер көрсетттім. Дайындық кезінде қиындықтар кездесті, оны жасырмаймын. Мәселен, өлең сөздерін жаттау кезінде деген сияқты. Ал осы әнді таңдаған себебім, Жанар Дұғалова шығарманы халықаралық сайыста айтып, жеңісті бағындырды, сондықтан маған да сәттілік сыйлайтынына сенемін.»

Іріктеу шарасына 50-ден астам жас өнерпаз қатысты

Таланттар байқауын Қазақстандық ұлттық Юнеско клубтарының федарациясы биыл алғаш рет қолға алып отыр. Саяхат алдымен Шымкенттен басталған. Қазақстанның әр қаласынан енді ән, би және сазды аспаптарда ойнайтын өнерлі жастар іздестіріледі. Сайыс қатысушыларының өнерін тамашалау үшін ұйымның вице-президенті Серікхан Аязбаевтың өзі келген.

Қазылар алқасы
Қазылар алқасы

Серікхан Аязбаев, Қазақстандық ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының вице-президенті: «Таланттар сайысының ерекшелігі сол — мұнда қазылар алқасы жеңімпаздың есімін сол мезетте мәлімдейді. Біз қазір қатысушылардың өнерін арнайы бейнетаспаға жазып отырмыз. Астана қаласындағы алқалы жиында әрбір үміткердің өнерін қайта тамашалап, ақтық сынға шақыратын боламыз. Жеңімпаздарға қомақты сый тағайындалған. Және әншілерге бейнебаян түсіруіне қолғабыс жасаймыз деп жоспарлап отырмыз.»

7061

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша іріктеуге 50-ден жас өнерпаз қатысты. Бұл іріктеу науқаны алдағы 2 ай бойы еліміздің өзге де қалаларында өрбитін боады. Айта кетейік, таланттар сайысы халықаралық ұйымның 70 жылдығы құрметіне арналған.