«Ортеке» ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілмек

95

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мәдени мұралар жөніндегі ұлттық комитет сарапшыларының қатысуымен ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне қазақтың халық биі «Ортекені» енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Өздеріңізге мәлім, қазақтың халық биі «Ортекенің» қуыршақ теке, бишілер тобы, жеке биші орындайтын 3 түрі бар. Бейнероликте қуыршақ-теке нұсқасы ұсынылған.

Орындаушы:
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этноансамблі мен SHOLPAN KORGANBEK өнер студиясының жас музыканттары (көркемдік жетекшісі, «Мәдениет қайраткері», Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Ш. Қорғанбек).

Идея авторы, продюсер – Айдар Қырықбайұлы;
Оператор – Хамит Бибарыс;
Түсірім өткен орын: Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі.