Ержүрек жауынгерлер соғыс кезінде, өлім мен өмірдің ортасында жүрсе де ән айтуды тоқтатпаған. Оған дәлел — осы күнге дейін айтылатын патриоттық әндер. Сазгерлер де осы жылдары тамаша туындыларды өмірге әкеліп, үнемі отан үшін от кешкен жауынгерлерді рухтандырып, жігерлеріндіріп отырған.
Мәселен, «Кестелі орамал», «Ана туралы баллада», «Солдаттар қалғып кетпеңдер»,»Соғыстан қайтқан солдаттар» сынды өлеңдер көптің жадында әлі күнге дейін сақталып келеді.
Осындай патриоттық әндердің бірі, Қазақтың батыр қызы Әлияның ерлігі мен ержүректілігі арқау болған «Әлия» әні — жауынгерлердің гимні іспеттес. Әнші Роза Рымбаеваның орындауындағы тамаша ән 1977 жылдың үздік әні атанған. Бүгінде бұл туындысыз бірде бір Жеңіс күні тойланбайды. Осындай патриоттық әндерді ұмытпай, оларды насихаттауға арналған конкурстың шымылдығы дәл осы әнмен ашылды.
Шымкентте мектеп оқушылар арасында «Кестелі орамал» патриоттық әндер байқауы өтті. Облыстық олимпиадалар өткізу орталығының ұйымдастырумен өткен сайысқа өңірдің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар екі әннен орындады. Оның бірі патриоттық тақырыпта болса, екіншісі — еркін бағыттағы ән. Қатысушылардың таңдауы көбіне осы»Әлия» әніне түсіпті.
Соғыс жылдарынен сыр шертетін, сол кездегі халықтың мұң-мұқтажын айшықтайтын туындыларды орындауда оқушылар ерекше дайындалыпты. Түркістаннан келген Елнұр Душанов додалы сайыста «Ана туралы баллада» әнін таңдапты. Бұған дейін бірнеше байқауларға қатысып үлгерген жас өркен бұл сында патриоттық әндерді насихаттасам дейді.
Жас ұрпақтың рухын көтеріп, патриоттық сезімін оятуға негізделген шараның жеңімпазы Ұлы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған концертте үздік әнді шырқайтын болады.