«Әуезов оқулары» халықаралық ғылыми конференциясы өтті

354

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Әуезов оқулары» аясында бас қосқан ғалымдар еліміздің индустриалдық-инновациялық және әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы стратегиялық қадамдарды талқыланды.

Конференция секцияларының жұмыстары түрлі тақырыпта өрбіп жатыр. Әсіресе, «Экспо-2017» халықаралық көрмесі форматындағы жаңартылған энергетиканың келешек бағыттарын жетілдірудің, құрылыстың, химиялық технологиялардың, мұнайхимияның билогоия мен нанотехнологиялардың инновациялық бағыттарына басымдық берілген.

Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған ғалымдар зерттеу жұмыстарын студенттердің назарына ұсынды. Мұнда арнайы көрме ұйымдастырылып, университет өнертапқыштарының жұмыстары қойылды.

Конференцияға ұзын саны 770-тен астам мақала түсіпті. Оны талқылауға АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Жапония, Ресей, Польша, Қытай, Малайзия, Түркия, Корея және тағы басқа елдерден келген ғалымдар қатысып отыр.