Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған алау оты Шымкенттегі №58 жалпы орта мектепке жеткізілді. Айтулы шараға орай білім ұясының шәкірттері мерекені кең көлемде атап өтті. Мұнда келушілерге соғыс көрінісін сыр шертетін қойылым көрсетілді. Тыл ардагерлері сұрапыл жылдардағы қиындықтан естеліктерін айтса, жасөспірімдер соғыс тақырыбында өнерлерін көрсетті.
Аяжан Жапархан, № 58 жалпы орта мектептің оқушысы: «Жеңіс маған бүгінгі жарқын болашақты сыйлады. Мен алау отын қолыма алғандағы әсерімді айтып жеткізу қиын. Жан дүнием қуанышқа толы».
«Ұлы Жеңістің ұрпағымыз» тақырыбы аясында өткен шарада алау оты №59 жалпы орта мектебінің шәкірттеріне табыс етілді.