Геннадий Головкин «Қазақстан Барысы» Айбек Нұғымаровтан эстафетаны қабылдап алды

546

«Challenge Street Workout KZ» байқауына қатысу үшін ең күшті өтінім Ұлттық құрама командалары мен спорт резерві дирекциясынан келді. 80-нен астам спортшы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бастамасын қолдады. Елордада бүкіл Қазақстандық танымал спортшылар жиналып, байқауға өз ерекшеліктерін көрсетті. Бұл жолы жобаға қыздар да белсенділік танытып, қазақстандықтарды бұқаралық спортқа шақырды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық командалар мен спорт резервтері дирекциясының директоры Самат Ерғалиев Бейжіңдегі жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Таеквондо федерациясының вице-президенті Арман Чилмановтан жолдаманы қабылдады.
«Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бастамасымен басталған аталмыш байқау – бүкіл ел үшін үлкен маңызы бар, әрбір қазақстандық спортпен шұғылдануға тиіс және бұл халықты салауатты өмір салтына үйретуді қажет ететін шара. Біздің басқарма барлық спортшыларды біріктіріп, спортпен шұғылдануды қалай жақсы көретінімізді көрсетіп, Біз барлық отандастарымызды осы спорт түрінде өздерінің қабілеттерін көрсетуге шақырамыз», – деді Самат Ерғалиев.

Бүгінгі күні «Астана-Арена» стадионындағы «Street Workout» байқауына келіп түскен ең көп қатысушы ұлттық командалар мен спорт резервтері дирекциясының өтініші болып тұр, себебі мұнда каратэ, самбо күресшілері, балуандар, тоғызқұмалақ шеберлері және тіпті біршама қолдаушыларда жиналды.

Street Workout алаңы екі сағат бойы керемет шоуға айналды. Алаңда бірі соққысының қаншалықты мықты екенін көрсетіп жатса, бірі штанга көтеріп, денелерін турникте бірнеше рет көтеріп, түрлі әдістерді көрсетті. Қатысушылар арасында балалар, жастар және ересек жастағы спортшыларда болды. Барлығы бір турниктен, екінші турникке өтіп әрқайсысы өзінше турниктерде шеберліктерін көрсетуге тырысты.

«Challenge Street Workout KZ» байқауының ауқымы күн сайын артып келеді. Осы сәнді және пайдалы жобаға Қазақстанның көпшілікке танымал тұлғалары да қатысып, өз мүмкіндіктерін көрсетуде.

«Мен эстафетаны ММА қауымдастығының вице-президенті Анатолий Ким мен грек-рим, фристайл және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Ерлан Қожасбайға жолдаймын», – деді Самат Ерғалиев.

«Қазақстан Барысы» Айбек Нұғымаров жаттығуларын аяқтай салысымен :
«Мен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының жолдамасын қабылдап, оны Геннадий Головкинге, сондай-ақ МузАрт тобының әншісі Сәкен Майғазиевке жолдаймын» деді.

Естеріңізге сала кетейік, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Challenge Street Workout KZ» байқауын бастаған болатын. Министр аталмыш жобаны Олимпиада чемпионы Серік Сапиев, әнші Қайрат Нұртас, актер Әділ Ахметовке жолдаған болатын. Бұл бастамаға қолдау білдіріп, спортшыларымыз бірінен соң бірі жобаны жалғап кетті. Олардың қатарында Бахтияр Артаев, Ілияс Сүлейменов, Денис Тен, Галиб Джафаров, Арман Чилманов пен Қанат Ислам да бар.

Байқауға қатыса отырып өз қалаңызға не ауылыңызға StreetWorkout алаңын ұтып алуға болады, сонымен бірге ақшалай сыйлықтарда бар. Байқаудың шарттарымен «Challenge Street Workout KZ» сайтында толығырақ таныса аласыз. Байқау 10 маусымға дейін жалғасады.