Ардагерлерге тегін медициналық көмек

405

Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне тегін медициналық қызмет көрсетілуде. Кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалы «Медикер» медициналық орталығымен бірлесе «Ардагерлерді ардақтайық!» атты акцияны қолға алды.

003

Қайырымдылық шарачф кезінде орталық мамандары соғыс және тыл ардагерлеріне ақысыз қызмет көрсетіп, қан қысымын өлшеуші электронды тонометрді сыйға тартты. Тегін қызмет алушылардың бірі – Әбдіғани Есетов. 19 жасында соғысқа аттанып, Отан үшін от кешкен қарт майденгердің ендігі тілегі – елдің тыныштығы.

Айта кетейік, акция мерзімі шектеусіз. Яғни, «Медикер» медициналық орталығы әрбір соғыс және тыл ардагеріне таңғы сағат 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін аптаның кез келген күнінде тегін қызмет көрсететін болады.