Кене шаққан 173 адамның екеуінен безгек анықталды

486

Абайлаңыз, кене қаптап кетті! Облысымызда күн жылығалы 713 адамды кене шақты. Оның екеуінде қырым қанды безгегі анықталды.

002

Бұл жайында облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің мамандары ұйымдастырған дөңгелек үстелде мәлім болды. Сондай-ақ, жиын барысында жыл басынан бері өңіріміздің түкпір-түкпірінен 15 608 кене жиналғаны белгілі болды. Жиналған кенелердің 50-інен қырым қанды безгегінің жұқтырғышы анықталды.

Осы ретте мамандар 15 сәуірден бастап облыстың 79 елдімекенінде залалсыздандыру жұмыстарын бастап кеткендерін жеткізді. Маманның сөзіне сүйенсек, залалсыздандыру жұмыстарына қыруар қаржы бөлінген. Оның 57 млн теңгесі жер-жерді дәрілеуге жұмсалса, тағы бес миллион төрт-түлікті тоғытуға бөлінген.