«Мәңгілік даңқ» шеруіне қатысушыларға «APRIL» жарнамалық агенттігі жеңілдік жасайды

368

Ұлы Жеңіс күніне орай «Отырар» медиахолдингі Шымкентте «Мәңгілік даңқ» акция-шеруін ұйымдастырады. Акция аға буынның ерлігін бүгінгі ұрпаққа паш етуді көздейді.

Биылғы Жеңістің 70 жылдығы мерекесінде де осы шеру жалғасын таппақ. Қала әкімдігі оған ұйтқы болатынын мәлімдеген-ді. Осы ретте айта кету керек, соғыста қаза болған немесе аман оралған майдангер ата-апаларыңыздың суреттерін бір форматта дайындауда шымкенттік «APRIL» жарнамалық агенттігі биыл да көмек береді.

Осы «APRIL» жарнамалық агенттігі бүгіннен бастап тапсырыс қабылдауға кірісті. Алдағы күндері қала тұрғындарының тапсырысын сапалы әрі жылдам жасап беру үшін сақадай сай отыр. Тек Отан үшін от кешкен ата-апаңыздың суретін алып келсеңіз болғаны. Суреттер А-3 форматында дайындалып, ұстауға ыңғайлы тақтайшаға орнатылады. Оның бағасы – бар-жоғы 500 теңге. Мекенжайы: Сасбұқаев көшесі, 32/4 үй. Телефоны – 43-22-27.

vlcsnap-2015-04-13-17h48m50s76

Гүлнұр Алдабергенова, «APRIL» жарнамалық агенттігінің ұйымдастырушысы: «Былтырғы үрдіс жалғасады. Біздің компания жеңілдік жасап отыр. Тек өтінеріміз, шеруге қатысушылар суретті ертерек алып келсе екен.»