Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі 300-ге жуық жаңа көшетпен толықты. Игі шараға табиғат жанашыры болып жүрген жастар мен қорықшылар атсалысты.
Ер балалар паркті мекендейтін құстарға арнап үйшік орнатты. Оны ағашқа шегемен қағуға болмайды. Осыны ескерткен мамандар балаларға ұяны жіппен нықтап байлауды үйретті.
Акция барысында көшет отырғызған жастарға орманды өрттен сақтау кеңесі берілді. Айта өтейік, Сайрам-Өгем мемлекеттік табиғи паркінде өсімдіктің 1635 түрі кездеседі. Оның 62 түрі еліміздің Қызыл кітабына енгізілген.