Құтқарушылар Қарағандыдан оралды

365

Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері Қарағандыда су астында қалған ағайынға көмек қолын созып қайтты. Алқашқы шұғыл көмек көрсету жасағы 7 сәуір күні аттанған болатын. Олар сонда күндіз -түні қарды сыртқа тасу, бөгеттер қою жұмыстарына жұмылдырылған.

Қарағандыға Оңтүстіктен шұғыл жасақтың 42 қызметкері 11 техникамен аттанады. Құтқарушы топтың алдында су алған 6 ауылдың тұрғындары мен олардың мүліктерін аман алып қалу тапсырмасы тұрды. Мамандар күн-түн демей жұмыс істеді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=K4kKgU20iE8[/youtube]

Марат Тоқбаев, облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметі бөлімі бастығының орынбасары: » Түрлі ауылдарда болдық, үйлердің іші суға толған. Сонда да жұмыс жасадық. Алматы-Екатеринбург халықаралық тасжолын да су шайған. Сондықтан біздің қызметкерлер 3-4 шақырымдық жолда құмды қолмен тасыды. Мұндай қиындықтарға қарамастан мамандар аянбай қызмет етті».

Оңтүстікқазақстандық құтқарушылар су басқан ауыл-аймақтағы 1100-ден астам тұрғын мен 2 мың бас ірі қараны қауіпсіз аймаққа оқшаулап, жеткізді. Олардың мұндай қызметттегі міндеті мен жауапкершілігіне жергілікті ағайын мен басшылық та разы болысты.

8081
Оңтүстікқазақстандық құтқарушылардың еңбегі елеусіз қалмады. Олардың көбі төтенше жағдайлар министрлігі мен облыстық департаменті басшылығының марапаттауына ие болды.