Ардагерлер теміржолмен тегін жүреді

236
Фото: //kursiv.kz

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басшылығы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай 2015 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері үшін жолаушылар пойыздарында дәстүрлі тегін жол жүру мүмкіндігін ұсынады.

Майдангерлер ТМД елдері аумағында теміржол көліктерінің барлық санаттары мен бағыттарында тегін жүре алады.

Атап айтқанда, ардагерлер қала маңы пойыздарымен қатар «Тұлпар-Тальго» пойыздарының «Турист» вагондары мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған купелерде де тегін жүреді.

Айта кету керек, 1-9 мамыр аралығында Астанадағы әуежайда мерекеге дайындыққа орай «Скат» әуекомпаниясы әуе көліктерінің ұшу уақытын өзгертті.