«Нұрсәттегі» перинаталдық орталықта кімдер босанады?

389

«Отырар TV» телеарнасының «Бізде қонақта» тұрақты айдарының кезекті қонағы — облыстық №4 перинаталдық орталықтың дәрігер-неонатологы Ақзат Алиманапқызы.

005

— Ақзат Алиманапқызы, студиямызға қош келдіңіз! Сұхбатымызды статистика мәліметтерінен бастасақ. Облыстық №4 перинаталдық орталықта 2014 жылы қанша сәби дүниеге келді? Шала туылған нәрестелер көп пе? Оларға орталықтағы аппаттардың көмегі қаншалықты тиюде?

— Облыстық перинаталдық орталықта былтыр тоғыз мыңнан аса нәресте дүнинге келді. Оның ішінде шала туылған сәбилердің сексен пайызына медициналық көмек көрсетіліп, жетілдірілді. Бұған біздің мекемедегі жансақтау бөліміндегі жаңа замануи инновациялық апараттардың көмегі жақсы тиді. Сондай-ақ, шетелдік медициналық мамандармен де тығыз байланыста жұмыс жасаудамыз.

— Көрермен сұрағы. Жаңа босанғаннан кейін қалай күтіну керек…

— Босанғаннан кейін ана баласына, өзіне мұқият қарауы тиіс. Баланы емізу бір жағынан нәресте үшін таптырмас тағам болса, ананың босанғаннан кейін жатырының жиырылуына, ішкі ағзаның қалыптасуына жақсы әсер етеді.

— Өз сөзіңізде айтқандай, медициналық аппараттардың көмегімен шала туылған нәрестелердің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бар екен. Ал мерзіміне жетіп туылса да денсаулығында ахауы бар балаларға қандай көмек көрсетудесіздер?

— Мерзіміне жетіп туылғанымен, ауру болып туылатын сәбилер көп десек те болады. Оған іште жатқанда, яғни, ананың құрсағында жатқанда түрлі инфекциялардың түсуі, экология, тіпті тағамдар да әсер етіп жатады. Әсіресе, мерзіміне жетіп туылса да өкпесі дамымаған нәрестелер қазір көп дүниеге келуде. Бұл нәрестелерге арнайы аппараттар мен дәрі-дәрмектер арқылы көмектесеміз.

— Осындай мүмкіндіктің нәтижесінде «Нұрсәттегі» перинаталдық орталықта барып босану — көптеген келіншектер үшін арман екені жасырын емес. Осы орайда айтыңызшы, облыстық №4 перинаталдық орталықта босану үшін қандай құжаттар керек?

— Іштегі нәрестенің ақауы бар немесе артериялық қысымы жоғары, анасында ақауы бар болса ғана біздің периниталдық орталықта босануға болады. Ал егер денсаулығында ешқандай ақау болмаса, онда өзі тіркелген перзентханада босануы тиіс.

— Көрермен сұрағы. Ана сүтінен бөлек қосымша тағамның зияны жоқ па?

— Сүттің орнын алмастыратын арнайы тағамдар көп. Оларды қолдануға болады. Оның бала ағзасына зияны жоқ .Өйткені барлығы тексеріледі. Қосымша тағамның ішінде ана сүтінде ұқсас минералдар, ақуыздар кездеседі.

— Көрермен сұрағы. № 4 перзентханаға тіркелгенмін. Көру қабылетім нашар. Менің «Нұрсәттегі» перинаталдық орталықта босануға мүмкіндігім бар ма?

-Егер көзіңізде ақау жағдай болса, тіркелген емханадағы дәрігер денсаулығыңыздағы ахауға байланысты портал аштырып, бізге жолдамамен жібереді. Барлық құжаттарыңыз дайын болғанда, біздің перинаталдық орталыққа келіңіз.

-Сұхбатыңыз үшін рахмет! Сау болыңыз!