«Еламед» компаниясы физио-емдеу аппараттарына жеңілдік жасауда

Шымкентте «Еламед» компаниясы физио-емдеу аппараттарының сауда-көрмесін ұйымдастырды. Жанға шипа сыйлайтын құрал жабдықтарды үйіңізден шықпай-ақ қолдануға болады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=imNIGnBoSXo[/youtube]

Жастайынан жеңіл атлетикамен айналысқан Сагида Губайдуллина қартайғанда денсаулығым сыр беріп жүр дейді. Қан тамырлары кеңейіп, тіпті ота да жасатқан. Бел омыртқасы ауырып, жиі мазалайтын көрінеді.

Енді дертіне ем іздеген зейнеткер физио-емдеу аппаратын пайдаланып көрмек. Медициналық құралдың пайдасы туралы Ресей телеарналарындағы жарнамадан көрген тұрғын оның қаламызда сатылымға шыққанына қуанышты.

Сагида Губайдуллина, Шымкент қаласының тұрғыны: «Алмаг-01″ физио-емдеу қондырғысы туралы телеарнадан жиі көретінмін. Бүгін көрмеге келіп, аппараттармен танысып, пайдасы, қолданылуы туралы кеңестер алдым. Әсіресе үй жағдайында, ешкімнің көмегінсіз, кез келген уақытта пайдалануға болатыны өте қатты ұнады. Сатып алып, қолданып көрмекпін».

Сатылым-көрмеге «Еламед» компаниясының бірнеше аппараты қойылды. Мәселен «Алмаг-01» магниттік терапиялық құрылғысы 46 түрлі ауруға ем болса, «Мавиттің» ер кісілерге пайдасы зор. Простатит, геморрой сияқты созылмалы ауруларды емдейді.

Ал «Диамаг» қондырғысы инсульт пен бас ауруларын жазып, қан қысымын реттеуге арналған. Бұл жерде, сондай-ақ, «Унилор», «Стимэл», «Магофон» аппараттары зауыт бағасымен сатылады. Бастысы, физио-емдерді үйде жасауға болады.

Наталья Корабельникова, «Еламед» компаниясының өкілі:» Көрмеге қойылған әрбір физио-емдеу аппаратарының өзіндік еркешелігі бар. Мәселен, мына «Алмаг-02» құрылғысы 100-ге жуық дертке дауа. Бауырды, қуықтың қабынуын емдеуге, бүйректі тастан тазалауға арналған. Ал «Теплонның» көмегімен остреохондроз бен артрит, яғни, буын ауруларынан құтылуға болады. Аллергиялық тұмау, тамақ, құлақ, мұрын аурулынан да айығуға көмегі зор».

 

Сатылымға қойылған барлық құрал-жабдықтарды дертіне ем іздеген, 15 жастан асқан кез келген науқас пайдалана алады. Әрі бұл тауарларға 15 маусымнан 18 маусымға дейін жеңілдіктер жасалмақ. Сондай-ақ, «Еламед» компаниясы барлық тауарларға екі жылдық кепілдеме береді. Жаныңызға шипа болар қолайлы әрі тиімді медициналық құрылғыларды Байтұрсынов пен Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы дәріханадан таба аласыздар.