Мал базарларында ірі қараны дәрілеу орындары ашылады

666

Облысымыздағы барлық мал базарларында ірі қараға дәрі бүркіп, залалсыздандыратын бекеттер ашылатын болды. Облыстағы мал саудалайтын орындардың басшылары мен мал дәрігерлері Қарабұлақ ауылындағы «Нұрқарабұлақ» және Түлкібастағы жаңадан ашылған базарға барып, сауда орындарын заман талабына сәйкестендіру жұмыстарымен танысты.

001

Қырым-қанды қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмыстары маусым айының бірінші жұлдызында аяқталуы тиіс. Нәтижесінде кене шағу фактілері жылдан жылға азайып келеді. Биыл облысымызда бір млн бас ірі қара, 4 млн ұсақ мал дәріленген. Соған қарамастан енді олбыс әкімінің тапсырмасымен облысымыздағы мал базарларында мал дәрілейтін арнайы бекет болады.

Облысымыздағы мал саудалайтын орынның саны 13 және оған енді заман талабына сай жабдықталған екі базар қосылды. Қарабұлақ ауылындағы базар бүгінгі таңда елдімекенге тым жақын. Талап бойынша 200 метр қашықтықта болуы тиіс. Сол себепті ауыл ақсақалдары жаңа базардың ашылғаны жақсы болды дейді.

«Нұрқарабұлақ» базары үш мыңнан аствм ірі қара мен 4 мыңға жуық ұсақ малға шақталған. Сою алаңдары мен сатылмаған малды келесі базарға дейін күтіп ұстайтын қоралары бар.

Ал Түлкібас ауданы мен Сайрамның шекарасына орналасқын «Қазақ еті Kz» базары нағыз заман талабына сай сауда орынына айналады деген сенім мол.

Нұрлан Жаңабай