Жол апатының салдарынан бір адам мерт болды

378

Шымкентте ірі жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан бір адам көз жұмды. Тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілген.

004

Бұл жол апаты кешкі сағат жеті шамасында, Ғани Іляев және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында болған. Мерседес пен Нексия көліктері екі көшенің қиылысында соқтығысып қалады. Нексия көлігі Байтұрсынов көшесіне бұрылмақ болыпты. Сол кезде қарсы беттен қатты жылдамдықта келген Мерседес жүргізушісі орта тұстан соққы берген.

Куәгер: «Мына «Нексиядан» бірінші жүргізушісін есігін сындырып шығардық. Оны шығарып, жолдың шетіне жатқыздық. Артқы есігін сындырып, тағы бір әйелді шығардық. Екі аяғы сынған. Басқа адамдар келіп, Мерседестің ішінен адамдарды шығарды. Жалпы, төрт адамды дәрігерлер әкетті.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=p43x8PIhS4o[/youtube]

Қатты соқыдан көліктің біріндегі 41 жастағы жолаушы ауруханаға жетпей жан тәсілім етті. Екі жүргізуші қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген.

Сәбитхан Бәйтеміров, Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасы бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы: «Сенбі күні екі науқас келіп түсті. Біреуінің бұғана сүйегі сынған және миы шайқалған. Ал екінші науқастың оң жақ сан сүйегі сынып, жарақаттан кейінгі шоктан жансақтау бөліміне жатқызылды.»

Дәрігерлер екінші жолаушының жағдайы қалыпты деп отыр. Қазір соңы кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қай жүргізуішінің кінәлі екені тексеріліп жатыр.

Ернар Балабеков