2014 жылды 95 кәсіпорын пайдамен аяқтады

621

Былтыр облыста 95 кәсіпорын таза пайдамен шықты. Осылайша кәсіпкерлік нысандардың кіріс көлемі 653 миллион теңгеден асты. Бұл туралы облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Исмаилбек Шалабаевтың есептік жиынында айтылды.

исмайлбекЖекешелендіру шарасы аясында облыста 47 нысан жекенің меншілігіне өтетін болады. Олардың арасында Мұз сарайы, «Ордабасы» футбол клубы, «Алатау» шаңғы базасы, және «Жасыл кала» серіктестіктері бар. Ал «ЛТД Тұрмыс» ЖШС 8 шілдеде 379 млн теңгеге сатылды.

Электронды саудаға «Жасыл кентау» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны да қойылған болатын Алайда, 1 ғана қатысушы болған соң сауда кейінге қалдырылды.

Исмаилбек Шалабаев, облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары: «Түркістандағы «Түркістан қалалық муниципалды базары» ЖШС, Төле би ауданындағы комуналдық қызметтер көрсететін «Өркен» мемлекеттік кәсіпорны саудаға қойылады. Барлық бағалау жұмыстары жүргізілді. Мақтааралдық «Жасыл желек» коммуналдық кәсіпорны мен Ордабасы аудандағы «Оңтүстік Иран Бақ» ЖШС саудаға қойылды.»

Басқарма басшысының орынбасары қаржылық дағдарысқа байланысты қысқаратын бюджетке де шолу жасады. Экономикалық дағдарыстың әсерінен 1 шілдеден бастап көтерілуі тиісті мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік мекеме жұмысшыларының жалақысы өзгеріссіз қалатын болды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=NBz7UBtU5uY[/youtube]

Бұл мақсатқа қаралған 18 млрд теңге қысқарып отыр. Сондай-ақ, экономикалық ақуал құрылыстың да қарқынын қайтармақ. Республикалық қазынадан салынатын кейбір құрылыс нысандары да уақытша тоқтатылып отыр.

Айта кетейік, былтыр облыста таза пайдамен шыққан 95 кәсіпорынның кіріс көлемі 653 миллион теңгеден асты. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есеге артып отыр. Есесіне кәсіпорындардың бюджетке аударған дивиденттері де еселене түсті. Жалпы, жыл басынан бері облыста 227 млрд теңгенің бюджет қаржысы игеріліп, жоспарланған меже 97 пайызға орындалып отыр.