Бекарыс Шойбеков білім бөлімін басқарады

498

Бекарыс Шойбеков енді білім саласын басқарады. Белгілі айтыскер ақын Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Бекарыс Шойбеков 14.04.1976 жылы Отырар ауданында туған. Қожа Ахмет Иассауи атындағы қазақ-түрік университетін қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі мамандығы бойынша 1997 жылы тәмамдап, осы университеттің магистратурасын 1999 жылы, ал аспирантурасын 2002 жылы бітіріп шықты.

013

1988 жылдан облыстық, аймақтық, республикалық, халықаралық айтыстарға қатысып келеді. Жамбылдың 150 жылдығына арналған халықараралық айтыстың, Қабанбай батырдың 300 жылдығына арналған республикалық айтыстың, Ташкент және Түркістан қалаларында өткен Түркістанның 1500 жылдығына арналған халықараралық айтыстардың, Республикалық «Ұлытау үні» фестивалінің, 2004 жылы өткен республикалық Наурыз айтысының, Н.Оңдасыновтың 100 жылдығына арналған республика айтыстың бас жүлдегері. «Қазақстанның тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалінің иегері, Отырар ауданының құрметті азаматы, облыстың 2004 жылғы ең үздік ақыны. Дүниежүзілік жас түрік жазушылары одағының Қазақстандағы өкілі.»Нұр Отан» партиясының саяси мүшесі.

Әр жылдары қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, Түркістан қалалық дарынды балаларға арналаған «Өнер» мектебінің директоры, Қ.А. Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, халықаралық қатынастар бөлімінің бастығы, 2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шымкент қаласындағы облыстық «Әдеп-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы директорының орынбасары қызметтерін атқарып келген.