Демалыста екі адам суға ағып кетті

480

Оңтүстікте демалыс күндері қос бірдей қайғылы оқиға орын алды. ТЖД құтқарушыларына куәгерлер Шымкент-Қызылорда тасжолын бойлай ағатын Қарашық өзеніне белгісіз біреудің батып кеткенін айтып хабарлаған.

Оқиға орнына 5 адамнан тұратын шұғыл топ барған. Құтқарушылар оқиға болған күннің ертеңіне 53 жастағы түркістандық тұрғынның денесін тапты.

Араға бірнеше сағат салып төтеншеліктерге оқыс оқиға туралы тағы бір хабарлама түскен. Арыс және Түркістан каналдарының қосылған жерінде 1987 жылы туған азамат суға ағып кеткен. Өкінішке орай, ол да мерт болды.