Оңтүстікте джинсы материалы шығарылады

330

Жуырда облыста джинс материал өндірілетін болады. Жергілікті кәсіпкерлер бұл жобаны пәкістандық ДИНИМ компаниясымен бірлесіп қолға алмақ. Ал Сингапурдың инвестициялық компаниясының қолдауымен тоқыма өнеркәсібі жанданбақ.

5555555555555555555555555555555

Бұл туралы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы» акционерлік қоғамы төрағалылығының есептік жиынында мәлім болды. Жуырда салаға жауаптылар жіп өндіру фабрикасының Қоқандағы өкілдігімен меморундум жасасыпты.

Айта кетейік, қазір облыста тоқыма саласында 8 жоба сәтті жұмыс істеп жатыр. Алайда, кәсібін дөңгелете алмай тоқырап қалған кәсіпорын да жоқ емес. Алайда, мамандар қазір тұралап қалған бұл өндірістің қаржыландырылып жатқанын айтып, келер жылдан бастап қайта іске қосылатынына сендірді.

Айта кетейік, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтағы кәсіпорындар бүгінде 1,5 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Мұнда кәсіпорындардың жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған. Кәсіпкерлер кіріс, мүлік, жер салықтарынан босатылған.

Бизнес өкілдерінің құжаттама жұмыстарын жеңілдету үшін бұл аумақта кеден, салық органы өкілдері мен қоса халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері жұмыс істейді. Аймақ басшылығы жуырда жұмысшыларды тасымалдау мәселесін де жолға қойыпты.