Қақпаған есігі қалмағандардың үміті қайта оянды

285
Қоғамдық қабылдауда әлеуметтік мәселесі бойынша заң аясында қолдау тапаған 7 адам келді

Түрлі әлеуметтік мәселенің шешілуіне тұрғындарға енді парламент мәжілісінің депутаты Уәлихан Бишімбаев қол ұшын беретін болды. «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында заң аясында қолдаудан көрі қорлауға тап болғандардың жағдайы сөз болды.

2 мүгедек асырап отырған ана
2 мүгедек асырап отырған ана

 

Қазығұрттық 7 баланың анасы Әсілкүл Сүйеубекованың екі ұлы – І топтағы мүгедек. Ол күтуші ретінде еңбекақы ала алмай жүр. Өйткені, перзенттері қазір кәмелет жастан асып кетіпті. Бірақ бұған дейін тиесілі қаржының тиынын да алмадым дейді кейуана.

Әсілкүл Сүйеубекова: «Аудандық әкімшілікке бардым. Олар 5-6 бала болмаса бермейміз дейді. Табыс көзі жоқ. Өздерін үйге тастап кете алмайсың, айтқанын әпермесең, топалаң шығарады. Жұмыс істемеймін. Мүгедек адам тұрмақ, сау адамның өзіне қарау оңай емес қой? Қараушылар екі сағатқа келеді де кетеді. Зейнетақым жетпеген соң келіп отырмын.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=cVDOAZxQ9LE[/youtube]

Қоғамдық қабылдауға 7 адам жазылыпты. Олар өздерінің күрмеуі күрделі мәселесін арқалап, қақпаған есігі қалмағанын айтады. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдаған халық қалаулысы жауаптыларға заң аясында әлеуметтің проблемасын шешуді тапсырды.

Қоғамдық қабылдауда әлеуметтік мәселесі бойынша заң аясында қолдау тапаған 7 адам келді

Уәлихан Бишімбаев, парламент мәжілісінің депутаты: «Тек қана мына бюрократиялық документке сүйенбей, кез келген мәселе бойынша ізденіп, шешу жолдарын қарау керек. Жауаптыларға тапсырма бердім.»

Қоғамдық қабылдаудан қол ұшын беруді сұранған азаматтардың мәселесі жергілікті билік өкілдерінің жауапты тұлғаларына тапсырылды. Ал оның орындалуын депутат жіті бақылайтынын жеткізді.