Ұ.Сәдібеков: «Ауыл жастарына көңіл бөлінбей отыр»

563
Ұласбек Сәдібеков

Жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызмет сапасын қадағалау қажет. Себебі болмашы жобалар мемлекеттік сатып алуда жеңіске жетіп, нәтижесінде жастар саясаты құлдырап барады. Мұндай пікірді Оңтүстіктің өрендерімен кездескен парламент мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков жеткізді.

Халық қалаулысының айтуынша, қазынадағы қаржыны игі бастамаға жұмсағанда ғана жастардың белсенділігі артып, қоғамдағы ұтымды бастамалары жүзеге аспақ. Бұл мәселеге жергілікті билік те жауапкершілікпен қарап, жобаларды қолдап-қуаттауы қажет.

Басқосуға қатысқан жас толқын қаладағы букмекерлік орталықтарды бірлесе жоюдың жолын ұсынды. Және өздерін жауыр еткен мәселе жұмыссыздық жәйін де сөз етті. Ал мәжілісменді ауылдағы жастардың жағдайы толғандырады.

Ұласбек Сәдібеков
Ұласбек Сәдібеков

Ұласбек Сәдібеков, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты: «Биліктің тарапынан ауыл жастарына әлі күнге көңіл бөлінбей жатқаны, оған тиісті қаржының бөлінбей жатқаны, үкіметтік емес ұйымдардың аз екені, олардың белсенділігінің өте төмен екені – біз барлығын әрбір кездесу сайын айтамыз, ауылға барған сайын оны көріп келеміз. Сондықтан кейінгі жастар саясатына қатысты заңға өзгеріс енгізілген кезде біздің тікелей ұсынысымызбен жылына кемінде бір рет барлық деңгейдегі әкімдер депутаттардың алдында есеп береді.»