Абайлаңыз, алаяқтар!

352
Фото: //f.azh.kz

Соңғы уақытта «ҚазТрансГаз аймақ» мекемесінің облыстағы филиалының өкілдеріміз, «Омега 21″ компаниясы сіздерге қызмет көрсетеді» деп, үй тұрғындарымен ішкі газ жүйелерін жөндеуге келісім түзіп, белсенділік танытқандар көбейіп отыр.

Фото: //f.azh.kz
Фото: //f.azh.kz

 

Ондай пысықайлар, тіпті, келісім-шарт түзбегендердің үйінде газ өшіріледі деп те ескерткен жәйттер болған. Біздің арна тілшілері нақтылағандай, «ҚазТрансГаз аймақ( АҚ-ы ешқандай келісім-шарт түзуді талап етіп отырған жоқ. Оның үстіне газ тарату және газбен қамту қызметі туралы заңға сәйкес, келісім түзуден бас тартқан абоненттің үйінде газ өшіруге ешкімнің құқығы жоқ.

Сондықтан осындай келеңсіздіктер орын алып, сіздерді газ мәселесіне байланысты жеке азаматтар мазалайтын болса, компанияның байланыс орталығына хабарласыңыздар. Телефоны — 92-11-77.