Мәдени ауылында мешіт ашылды

739

Оңтүстік өңірі Алланың тағы бір ақ үйімен толықты. Төле би ауданына қарасты Мәдени ауылында жаңа мешіт бой көтерді.

006

Ауылдағы жас пен жасамыс Алланың ақ үйіне ағылды. Себебі Мәдени аулының тұрғындары мешітте құдайға құлшылық етуді жылдар бойы армандаған. Енді қуанышқа кенелнген жұрт өскелең ұрпақ кері ағымның жетегінде кетпейтін болды деп ағынан жарылды.

Шынәлі Қосалиев, Мәдени ауылының тұрғыны: «Біз өте қуаныштымыз. Енді ауылдың балалары да намазға бас қойып, оң жолмен жүретін болды. Қазір әрбір адамда діни сауат болуы қажет. Енді аға буын мен жастолқын мешітке келіп шариғат айтып, дұға оқитын болдық».

Мешіттің құрылысы осыдан 1 жыл бұрын басталыпты. Алғашында құрылыс жұмыстары кемінде 3-4 жылға созылады деп күтілгенімен, жомарттық танытқан жандардың көмегімен аз уақыттың ішінде сәулеті мен сәні келіскен мешіт бой көтерген.

8429

Тайларбек Бөлтешов, Мәдени ауылының төбе биі: «Құрылыс шаруалары біраз жылға созылады деп ойлағанбыз. Бірақ ауылдың тұрғындары мәрттік танытты. Тіпті алды 4,5 миллион теңгеден берді. Осылай қаржы жиналып, ел жұмыла мешіт соқты. Ал ақша бере алмағандар күндіз-түні құрылыс жұмыстарына өз еріктерімен келіп, шаруаларды атқарды. Тіпті мектептегі жоғары сыныптың оқушылары да белсенді қатысты».

Енді ел игілігіне берілген мешітте намаз оқу үшін, шариғат-түсіндірме айту және кітапхана сынды жаңа бөлмелер ашылған.