«Мәдениетім-мерейім» байқауы мәресіне жетті

329

Облыстық «Мәдениетім – мерейім!» байқауы мәресіне жетті. Байқаудың бас жүлдесін Сарыағаш ауданының өнерпаздары жеңіп алды. Оларға Арнайы диплом мен «Газель» автокөлігі тапсырылады.

Бірінші орынды Шардара, Отырар , Бәйдібек аудандары еншіледі. Өнер ұжымдарының әрқайсына «Нексия» жеңіл автокөлігінің кілті тапсырылды. Ал екінші орынды Шымкент, Төлеби, Сайрам аудандарының мәдениет қызметкерлері өзара бөлісті.

004

Жүлделі үшінші орынға Созақ, Арыс, Қазығұрт аудандарының өнерпаздары лайық деп табылды. Ал өзге де қатысушылар арнайы жүлде және дипломдармен марапатталды.