Ресей рублі тағы арзандады

382

Қазақстанда Ресей рублінің бағамы тағы төмендеді. Бүгіндікке валюта айырбастау орындарындағы рублі бағасы үш рет ауыстырылды. Нарықтағы тұрақсыздықтан келетін шығындарды есептеп үлгере алмай жатырмыз дейді валюта ауыстыру бекеттерінің қожайындары.

Таңертең Шымкеттегі валюта айырбастау орындарында Ресей ақшасының бағасы 3 теңгеден 2 теңге 97 тиынға төмендеді. Түс ауа рубль құны 2 теңге 95 тиынға тең деп көрсетілді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=R0p1MI5lwUM[/youtube]

Осымен соңғы бірнеше айдың көлемінде рубль бағамы 1,5 есеге дейін құлдырап отыр. Сарапшылар мұны көрші елдегі доллар бағамының өсуімен түсіндіреді. Валюта айырбастау орнындағылар нарықтағы осынау тұрақсыздықтан келетін шығындарды есептеуге кірісіп кетті.

Роза Ризанова, кассир: «Ресей валютасы өткен аптада орта есеппен 1 теңгеге төмендеді. Таңертең 3 теңге 5 тиын деп көрсеткенбіз, қазір 2 теңге 97 тиынға түсірдік. Нарық тұрақсызданып барады. Біз шығынды есептеп үлгере ала алмай жатырмыз. Шығынға батып жатқанымыз белгілі. Соңғы жарты жылда қандай да бір болжам жасау қиын болып қалды. Халық қай валютаға сенерін білмей дал.»

Жасыратыны жоқ, тұрғындар нарықтағы жағдайды бағамдап беретін сауатты сараптамаға зәру. Өкінішке орай, қазір валюталық ахуал көмескіленіп барады. Сондықтан жағдай тұрақталмайынша жерлестеріміз әзірге артық басты қаражат қорын теңгемен сақтауды жөн көреді.

Сабыр Халмурадов, қала тұрғыны: «Азғантай ақшамыз бар. Теңге тиімді, теңгеде сақтаймыз.»

Дәулет Нұржігіт қала тұрғыны: «Теңгеге жетпейді бәрібір, тиімді.»

Айта кетейік, рубльдің мамыр айындағы құлдырауынан кейін сұраныс қайта артқан болатын. Қазақстандықтар өткен айда рубльді 17 млрд теңгеге сатып алған. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім 27 млрд 800 млн теңгеге жетіп, 92%-ды құраған. Бұл көрсеткіш барлық облыстарды қамтиды. Мәселен, ОҚО-да ресей валютасына сұраныс 1 айдың ішінде 1,5 млрд теңгеге өсіпті.