«Шу-Ұлытау» марафонына қатысушылар – Түлкібаста

463
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылған «Шу – Ұлытау» марафонына қатысқан спортшылар Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданынына келіп жетті. Желаяқтарды аудан шекарасынан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары А.Бердашев бастаған топ күтіп алды.
010
16 тамызда Жамбыл облысының Шу ауданынан бастау алған шарада спортшыларға Қазақ хандығының символикалық байрағы табысталған. Енді марафоншылар байрақты эстафеталық жүгіру тәсілімен Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Жезқазған қалалары арқылы 22 тамызда Ұлытауға жеткізуді көздеп отыр.
Мерейлі дата қарсаңындағы шараның басты мақсаты – ел тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, достық пен бірлікті нығайту және  бұқаралық спорттың рухани әлеуетін арттыру.
16 адамнан құралған топ мүшелері 1500 шақырымды 7 күнде жүріп, Ұлытау жеріне аяқ басуды көздеп отыр. 18 тамызда марафоншылар Шымкент қаласына жетеді деп күтілуде.
ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі