Шыңға шыққан альпинистер марапатталды

399

Облыстық әкімшілік-іскерлік орталығында Сайрам-Өгем шатқалының шығыс бөлігіндегі шыңға шығып, «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» атауын берген альпинистер марапатталды. 20 шыңға өрмелеуші мақтау қағаздары мен кәдесыйлар алды.

Туристердің қауіпсіздігін қадағалаған құтқарушылар алғыс хат алды. Ал ақпараттық қолдау көрсеткені үшін бірқатар жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері марапатталды.

002

Еске сала кетейік, 31 шілде күні Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында республикалық «Бұл – біздің таулар!» атты фестиваль өтті. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған.

Сол күні тәжірибелі альпинист Шамиль Рафиков бастаған топ Өгемнің шығыс бөлігіндегі биіктігі 3535 метр шыңды бағындырды.