Бүгін – Мүлік және жер салығын төлеудің соңғы күні

482

777777777777777Бүгін – Мүлік және жер салығын төлеудің соңғы күні. Бұл күні жергілікті салық органдарында тұрғындардан төлемдерді қабылдау қызу жүргізілді. Сала мамандары 1-ші қазаннан кейін тұрғындар айыппұлға тартылып, төлемін өсіммен өтейді6- дейді.
Шымкент қаласының тұрғыны Алмагүл Ботаева таңертеңнен жергілікті салық органына келді. Артық шығындалғысы келмеген ол бүгін бар жұмысын ысырып, ең алдымен салық төлеп алуды ұйғарыпты. Мүлік және жер салығын төлеу үшін құжаттарын құнттап келіпті.
Айта кетейік, Еңбекші аудандық салық басқармасында биыл 62 мыңнан астам салық төлеуші тіркелген. Осыған дейін жер және мүлік салығын азаматтардың 80 пайызы төлеп үлгеріпті. Салықшылар осылайша қазынаға 54 млн теңгенің қаражатын түсіріп отыр. Ал салықтан жалтарған тұрғындарға көрілетін шара қатаң. Айыппұлға тартылып, өсімпұлды қоса төлейтін болады. Жылдар бойы есеп айырыспаған салық төлеушілердің ісін сот қарайды. Сондықтан салықшылар қолайсыз жағдайға тап болмай, міндетті төлемдерді өз мерзімінде төлеуге шақырады. Айта кетейік, жергілікті салық органдарында демалыс күндері де тиісті төлемдерді қабылдау жүргізіледі.