Мақтаралда мақта орнына алма мен жүзім өсіреді

813

Монодақылдарды дамыту бағдарламасы аясында Мақтарал ауданында ақ алтынан өзге бау-бақша өнімдеріне ден қойыла бастапты. Былтыр қысқартылған жерге жүзім мен алма бауы егілген екен. Солардың бірі – «Аботя» шаруа қожалығы. Жалпы аумағы 20 гектар алқапта бау жайқалып тұр. Оның 13 гектарына жоғары сұрыпты жүзім отырғызылған. Ал 7 гектарына алма егілген.

Жеке кәсіпкер Ербол Ералиев қожалықты соңғы технологиямен жабдықтаған. Тамшылатып суару әдісін қолданады. Көшеттерді шетелден әкелген. Италияда тәжірибе жинап  қайтқан кәсіпкер, көргенін өзінің туған жерінде жүзеге асырыпты. Аласа бойлы алма ағаштары екі жылда-ақ өз өнімін берген. Жүзім де солай. Алғашқы өнім аудан базарларына, қала берді облыс орталықтарында сатылып та жатыр. Бұл базар бағасын ұстап тұруға әжептеуір үлес қосыпты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=uAtOEd818OA[/youtube]

«Аботяның» тәтті алмасын іздеп келушілердің қатары көп. Бағасы қалта көтерерлік болғандықтан, алыпсатарлар-ақ жемісті терген-тергенін талап әкетеді екен. Айта өтейік, кәсіпкер мемлекеттің қолдауы арқасында тың жоспарларын жүзеге асырған. Енді піскен өнімін сақтайтын қойма салуды көздейді. Ол үшін тағы да жеңілдетілген пайызда несие алуға дайын екен. Бұл туралы шаруа қожалықтың бригадирі Абдулла Сахилов мәлім етті.

Ал ауыл әкімі көмектесуге дайын. Айтуынша, шаруа қожалық иесінің ізденімпаздығы өзгелерге үлгі. Сондықтан да ауылдық округте әртараптандыру жұмыстары жалғасын табады деп сендірді.

vlcsnap-2015-09-18-09h37m06s119
Қалмахан Ақышов, «Жолдасбай Ералиев» ауыл округінің әкімі:

Қалмахан Ақышов, Ж.Ералиев ауыл-округінің әкімі: «Ауылда 719 га жеріміз көп жылдық екпе болып есептеледі. Оның ішінде 3,5 га жерге бақша егеміз. Бұның барлығы әртараптандыру мақсатында егіліп жатқан нәрсе. Оның 1700 гектарына қауын, 1800 гектарына қарбыз егілген».

Мақталы өлкенің 30 мыңға жуық гектарына бақша, 4 мыңына түрлі көкөністер, жүгері, картоп, дәнді дақылдар егілген. Жыл сайын мақталы алқап он гектарға қысқарса, бау-бақша егілген гектарлы жер көбейіп келеді.