Оңтүстік бұхар бұғылары көбейеді

591
Бұхар бұғысы
Бұхар бұғысы

Оңтүстікте бұхар бұғыларының тұқымын көбейту қолға алынды. Табиғатта сирек кездесетін жануарлар Сырдария бойын еркін жайлай бастады. Сырдария-Түркістан табиғи паркінің мамандары жабайы тұяқтыларды ерекше қорғауға алып, олардың басын көбейтуге баса мән беріп отыр.

Бұхар бұғысы
Бұхар бұғысы

Оңтүстікте бұхар бұғыларының тұқымын көбейту жобасы дүниежүзілік жабайы табиғатты қорғау қорымен бірлесе 2001 жылы қолға алынған еді. Алғашында мұнда 3 бас тұяқты жеткізіген. Сосын тағы бесеуін жеткізіпті. Бүгінде олардың саны 103-ке көбейіп отыр. Бұхар бұғылары 20 гектар арнайы қоршалған аумақта тіршілік етіп жатыр.

Мұсахан Жүзеев, қорық қызметкері: «Қазір бұғыларды көбейтуді басты мақсат етіп отырмыз. Жылдан жылға көбеюде. Оларға екі мезгіл жем береміз. Жануарларды ерекше күтіп баптаймыз.»

Тұяқтылар өткен ғасырдың ортасына дейін Сырдарияның бойын жайлаған екен. Уақыт өте келе сирек кездесетін жануардың тұқымы жойылып кетіпті. Сондықтан қызыл кітапқа енгізіліп, ерекше қорғауға алынған.

Әбдіғани Сәндібай, мал дәрігері» «Оларға ерекше күтім қажет. Біз буаз жануарларға дәрумен береміз. Сондай-ақ бұғыларды түрлі аурудан сақтау үшін жемге түрлі дәрі қосып береміз.»

Алдағы уақытта жергілікті шаруалар бұхар бұғыларын қолға үйретпек. Әзірге жабайы жануар адам баласын жанына жолатпақ түгілі көргеннен қаша жөнеледі.