«Отырар» телеарнасында – «Отбасы күні» тележобасы

Отбасы күні

Қыркүйек айының екінші жексенбісі – отбасы күні. Осыған орай «Отырар» теларнасы тағы бір жаңа жобаны көрермен назарына ұсынбақ. «Ғаламат» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Отбасы – Отанымыздың ошағы» атты дөңгелек үстелдің түсірілім жұмыстары өтті.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін шараға бұл жолы облысымыздағы өнегелі өмірі көпке үлгі боларлық отбасы мүшелері мен көп балалы аналар, ҰОС ардагерлері мен балалар үйінің директорлары, педагогтар мен студенттер қатысты.

"Отырар" баспасөз клубы. Дөңгелек үстел

 

Шараға жиналған ересектер жастарға мағыналы да мәнді әңгімелерін айтып, 10-12 балаға қалай дұрыс тәрбие берудің сырларымен бөлісті. Басқосуда отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі және қырық үйден тыйым салған қыз баланың бүгінгі бет-бейнесі де көпшіліктің талқысына түсті.

Сонымен, 10 жылда 4 егіз тапқан батыр ана мен бір шаңырақтың астында айрандай ұйып, ғұмыр кешіп жатқан 9 түрлі ұлт өкілдері отбасы мүшелерінің айтары не? Ұлт проблемасына айналған тастанды балалар мен қыз тәрбиесі туралы мамандардың ой-пікірін «Отырар» телеарнасынан жексенбі, 13 қыркүйек күні сағат 14:00-де тамашалай аласыздар.