Шымкентте резіңке зауытының жұмысы қарқын алды

294
Резіңке зауыты. Цех

Күнгейде көлік дөңгелектеріне қажетті резіңке өнімдер шығаратын зауыттың жұмысы жанданды. Бұл – Қазақстан бойынша ауыр жүк көліктеріне қажетті тежегіш колодкасын шығаратын жалғыз кәсіпорын. Теңдесі жоқ зауыт жаңа желісін желтоқсан айында қосады. Ал оған дейін «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының бағдарламасы аясында түрлі өнімдерін шығарып, ішкі нарықты қамтымақ ниетте.

Резіңке зауыты. Цех

Мұрат Жұматаев, «DDEK» ЖШС директоры: «Өнімді Қазақстанның өзінде сатып жатырмыз. Ендігі жылы экспортқа шығамыз. Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Өзбекстан біздің өнімді тұтынатын болады».

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=piP3uN7Nq4M[/youtube]

Кәсіпорында отыз адам жұмыс істейді. Олар күн сайын соңғы үлгідегі құрылғылардың көмегімен 50 тежегіш колодкасын шығарады. Одан бөлек шикі резіңке қоспасы мен резікке-техникалық бұйымдарды шығарады. Ал тауар сапасын кәсіпорын технологы жіті қадағалап отырады. Одан бөлек резіңке өнімінің қоспаларын өзі мөлшерлеп береді.

Наталья Шевченко, зауыттың технологы: «Менің жиырма жылдық еңбек өтілім бар. Сондықтан болар, басшылар сенім артады. Ал оны ақтау үшін барымды саламын. Сапасын қатаң қадағалаймын».

Цех. Тежегіш

Айта өтейік, осыдан үш жыл бұрын ашылған зауыт өнімдеріне сұраныс көп. Тапсырысты дер кезінде орындау үшін мамандар тыңғылықты жұмыс жасайды. Жаңа жабдықпен қамтылған кәсіпорын он пайыздық мөлшерлемемен несие алған.

Майя Бердалиева, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының бас маманы:  «Осы несиенің сыйақы мөлшерлемесінің 7 пайызын «Даму» қоры мемлекеттік бағдарлама аясында төлеп отыр. Компания өзінің үш пайызын төлейді. Яғни, жеті пайыздың ақшасын үнемдеп, ол әрі қарай жаңадан жұмыс орнын ашуға немесе қайтадан бизнеске салып отыр. Бұл – өте жақсы жеңілдік».

Резіңке цехы. Жұмысшы. Станок
Жұмысшы станок басында

 

Резіңке зауытының алдағы жоспары тың. Тек шикізаттың 50 пайызын шетелден тасып отырғандары жандарына батады. Елдегі каучук өндіру зауыты іске қосылса, таза отандық өнім өндіреміз деп отыр.