ТМД елдерінің салық құрылымдары басшыларының үйлестіру кеңесі өтті

419

vlcsnap-2015-10-02-18h30m18s199Шымкентте ТМД елдерінің салық құрылымдары басшыларының үйлестіру кеңесі өтті. Армения, Беларусь, Ресей, Корея делегациялары қатысқан шарада салық жүйесін жетілдіру жолдары талқыланды. Мамандар қызмет көрсету және сауда-саттық салаларынан түсетін кірістерге бақылауды күшейту қажет деп отыр.
Салық жүйесі тірі организм секілді. Оны тұрақты түрде жетілдіріп, реформалап отыру қажет. Мемлекеттік бюджеттің 70 пайызын салықтар құрайтынын ескерсек, тіпті, бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік екенін аңғару қиын емес.

Бұл салада Оңтүстік Кореялықтардың тәжірибесі де де нәтижелі болмақ. Бұл елде салық жүйесі 1997 жылдан бастап электронды форматта жұмыс істейді. Ал 2000 жылдан бері мұнда қолма-қол ақша айналымын бақылау күшейтілген. Осыдан үш жыл бұрын Оңтүстік Кореяда қолма-қол есеп айырысуды тек фискальды чек арқылы жүзеге асыру міндеттеліп отыр.

Пайдаға кенеліп отырса да, кейбір кәсіпкерлер салық төлеуден жалтару үшін нендей әрекеттерге баруға дайын? Кірісті төмендетіп көрсету, бухгалтерлік есеп-қисапты заңға сай жүргізбеу, жалданған жұмысшылардың нақты санын жасыру. Салықшылардың айтуынша, оңай олжаға кенелгісі келген кейбір кәсіпкерлер кірісін екі еседен он есеге дейін аз көрсетеді. Сондықтан, саланы жетілдіріп отыру уақыт талабы.