Нұрлыбек Жеңісбек – үздік үштікте

878
Нұрлыбек Жеңісбек

Отандық баспасөз-порталдарының бірі облыс-қала әкімдерінің баспасөз хатшыларының рейтингін жасады. Онда өңір басшыларының қызметі мен іс-әрекетінің халық арасында бағалануы осы хатшыларға да байланысты екені айтылған.

Шымкент қаласы үшін жағымды жаңалық сол – қала әкімінің баспасөз хатшысы әрі кеңесшісі Нұрлыбек Жеңісбек үздік үштіктен орын алды.

«Нұрлыбек Жеңісбек Шымкент қаласының баспасөз қызметіне бұрынғы әкім Дархан Сатыбалдының кезінде келді. Астанадан барған мамандарды жергілікті халыққа барынша жақындатып жүр. Осы уақытқа дейін Д. Сатыбалды әлеуметтік желілерге тіркеліп, барлық сұраққа жауап беріп келді. Жақында тағайындалған әкім Ғабидолла Әбдірахымовтың да PR-ы мықты болып тұр. Ол Нұрлыбек Жеңісбектің баспасөз-қызметімен қатар қала әкімінің кеңесшісі ретінде де жұмыс істеп жүргенінен болса керек» делінген хабарламада.

Айта кету керек, осы рейтингте алғашқы орында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың баспасөз-хатшысы Бекзат Жүсіп тұрса, екінші орында Павлодар облысын басқаратын Қанат Бозымбаевтың баспасөз-хатшысы Асқар Жалдинов келеді.