Оңтүстіктің құтқарушылары халықаралық жарыста жеңіске жетті

375
Құтқарушылар

Оңтүстіктің өрт сөндірушілері мен құтқарушыларының жолы болып, халықаралық сайыста жеңіске жетті. 2015 жылдың 5-10 қыркүйегі аралығында Санкт-Петербург қаласында өрт сөндіру спорты бойынша ХI әлем чемпионаты өтті.

Құтқарушылар

Құтқарушылар

 

Оған Қазақстан құрамасы сапында Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қатысты.

Құтқарушылар

Жарыс қорытындысы бойынша ерлер командасы жауынгерлік қанат жаю бойынша І орын иеленсе, әйелдер командасы осы жарыста ІІІ орыннан көрінді. Жалпы командалық есепте ерлер және әйелдер құрама командасы ІV орынды иеленді.

Құтқарушылар

Құтқарушылар

Құтқарушылар

Жарысқа қатысқан ОҚО төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен облыс спортшыларының тізімі:

1. Күштер мен құралдарды жедел басқару орталық бастығының орынбасары, өртке қарсы қызмет подполковнигі Ю. Гришков;

2. Мақтаарал ауданындағы № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің м.у.а. радиотелефонисі В. Қазақбаев;

3. Мақтаарал ауданындағы № 3 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға байланыс шебері, өртке қарсы қызметтің кіші сержанты М. Колотова;

4. Үйретуші-жаттықтырушы, ОҚО ОРБЖСМ № 2 Б. Мосеева;

5. Үйретуші-жаттықтырушы, ОҚО ОРБЖСМ № 2 А. Гулюкина;

6. М. Әуезов атындағы ОҚМУ студенті Н. Герасименко.