Шымкентте Kcell Store дүкені ашылды

888
Kcell Store

Қала күні қарсаңында «Kcell» АҚ Шымкент жұртшылығына үлкен сый жасады. «Мега Шымкент» сауда-ойын-сауық орталығында аталмыш компанияның Kcell Store дүкені ашылды.

Kcell Store

IMG_5569
Kcell Store дүкенінің смартфондары
IMG_5565
Kcell Store қызметкерлері

Республикада бесінші, ал қаламызда бірінші рет ашылған жаңа форматты дүкенде бір мезгілде бірнеше қызмет қатар ұсынылады. Ұялы телефондар мен аксессуарлар сатады. Kcell және activ абоненттерінің ұялы байланысқа қатысты барлық мәселелерін шешіп береді. Емін-еркін қарым-қатынас философиясына құрылған орталықта клиенттердің арнайы клубы да жұмыс істейді. Келушілерге достық пейілмен бір шыны кофе ұсынылады.

IMG_5589
Жанат Жантурин, «Kcell» АҚ Шымкент филиалының директоры:

Жанат Жантурин, «Kcell» АҚ Шымкент филиалының директоры: «Мұнда бағасы 6 мың теңгеден басталатын 150 жуық телефон моделі сатылады. Телефондарды келісім-шарт негізінде де сатып алуға болады. Сим-картаны алмастыру, жаңа нөмір сатып алу, тарифті қосы және тағы басқа қызмет ұсынылады. Осы Kcell Store-нің ашылуымен Оңтүстік Қазақстанда тағы 10 адам жұмыспен қамтылды. Қазір облыста 1,5 млн адам «Kcell» компаниясының қызметін пайдаланады. Осы үшін өңірдегі 3G желіні дамыту үшін биыл 195 базалық станцияны орнаттық.»

IMG_5604

Kcell Store дүкенінің ашылуы iPhone 6S және iPhone 6S+ смартфондарының сатыла бастаған күнімен тура келді. Айта кету керек, iPhone 6S+ смартфонының жаңа мүмкіндіктері көп. 12 мегапикселдік камерамен жабдықталған гаджеттің кереметі жетіп артылады.

Нұрсейіт Томашев

Нұрсейіт Томашев, «Kcell Store» концепт-дүкенінің кеңесші-сатушысы: «iPhone 6S-тің басты жаңалығы – камера. Смартфонның алдындағы Facetime камерасы 5 мегапиксель, ал артқы жағындағы камерасы 12 мегапиксельде түсіреді. Сондай-ақ, 4K видео түсіреді. Бұдан бөлек 3D Touch пен Live Foto да бар. Жұмыс уақыты да айтарлықтай ұзартылды. iPhone 6S қуаты – 14 сағат сөйлескенге, ал iPhone 6S+тің қуаты 24 сағат сөйлескенге дейін жетеді.»

 

IMG_5606

IMG_5627

Осылайша енді Apple корпорациясының су жаңа смартфондарын Шымкенттегі Kcell Store-дан сатып алуға болады. Дүкеннің ашылу құрметіне мұндағы телефондардың барлығын бір апта бойына 20 пайыз жеңілдікпен сатылады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=vFz1f2F8vTc[/youtube]

«Kcell» АҚ жыл соңына дейін Атырау және Қарағанды қалаларында тағы екі Kcell Store дүкенін ашуды жоспарлап отыр.

фото (с) Жәнібек Нұрыш