Ақсудағы қариялар зейнетақысын ұзын-сонар кезексіз, өз үйлеріне жақын маңнан ала алады. Мұнда жаңа мекеме ашылды.
Әмбебап кешенде бұдан бөлек зейнетке шығуға өтініш, әлеуметтік қызметтің барлық түрі бойынша құжаттар рәсімдеуге болады. Ондағы қызмет екі бағытта жүргізіледі. Бірі электронды болса, екіншісі — кезекке тұрып маманның көмегіне жүгіну. Электронды қызмет 10 минуттың ішінде тірлікті тындыруға дайын.