Абылайхан туралы алғаш кино түсірілуде

1838
Абылай хан

Оңтүстікте Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай Абылай хан жайында фильм түсіру қолға алынды. Оған бірнеше кино картиналардың авторы, белгілі режиссер Жорабек Мұсабаев кірісті. Кино туынды үш жүздің басын біріктіріп, жауға қарсы айбатын асырған ханның тағдырынан сыр шертеді.

2 жасар Әбілмансұр
2 жасар Әбілмансұр

2016 жылы көрерменге жол тартатын фильмнің қазір 80 пайызы түсіріліп біткен. Тарихи жанрдағы туынды «Көшпенділер» сынды роман желісіне ұқсас. Режиссер Жорабек Мұсабаев бұл туындының тек сценариіне 2 жыл уақыт жұмсағанын айтадты.

vlcsnap-2015-11-17-17h22m28s171

Автор тарихи кинотуынды түсіруді көптен жоспарлап жүргенін айтады. И.Есенберлиннің «Көшпенділер» романымен таныс ол Қазыбек Тауасардың жазбаларын оқып, түрлі фактілер мен даталардың әр кітапта әртүрлі жазылуына алаңдайды. Жан-жақты іздене келіп фильм түсіруге бел буған.

2 бөлімге жоспарланған киноның 1-бөлімінде Абылайханның 2 жасынан бастап, 16 жасқа дейінгі кезеңі қамтылады. Ал 2-бөлімінде 16 жастан кейінгі өмірін түсіру жоспарланған.

Әбілмансұр тұтқында
Әбілмансұр тұтқында

Кинотуынды жергілікті халық қалаулыларының қолдауымен түсірілуде. Әбілмәнсүрдің әртүрлі жастағы кезеңін бірнеше адам сомдайды. Ал хан Абылайдың рөлін режиссер өзі ойнайды.

Жорабек Мұсабаев, фильмнің сценаристі, режиссері: «Бұл фильм Абылай ханның жас кезі жайында. Қалай өскені, қалай ер жүрек болғаны, осы жолдағы дайындығы туралы. Кино туындының басы Қарамұрттағы Мәдени және Түлкібас ауданындағы Балықшы деген жерде түсірілді. Табиғатты таңдау басында өлкеміздің шырайлы жерлерін көрсетуді мақсат тұттық. Жалшыдан хан болу оңай емес, ол қандай ортада өсті, кімнің тәрбиесін алды, міне, филльм осыған бағытталды. Фильм сценариі «Көшпенділер» романы мен Қазыбек Тауасарұлының жазба деректері негізіне құрылды. 1 жыл дайындалдым. 2 жыл сценарийге уақыт кетті. Драматургтар мен тарихшылар қарап шықты. Сценарий орыс тілінде жазылды. Еліміздің белгілі драматургі Өмірзақ Мұқай танысып, ұнатып, аударды.»

 

Абылайдың Сары сабалақ атану себебіне түрлі пікірлер айтылып жүргені рас. Бұл шығарма көрерменге нақты жауап алуға мүмкіндік береді. Абылайдың жауға қарсы соғысының эпизодын Хиуада түсіру жоспарланып отыр. Қазір бұл бойынша көрші елмен келісім жүргізілуде. Айта кетуі керек, Абылайхан туралы осы күнге дейін бір де-бір кино туынды түсірілмеген.