Кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасына басшы тағайындалды

557
Марат Қарабаев

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының тағы бір түлегі Марат Кәрімжанұлы Қарабаев 2015 жылғы 27 қарашадан бастап Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Марат Қарабаев

28 жастағы Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Ташкент автокөлік-жол институтын, «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританиядағы «University of Warwick» университетін тәмәмдаған. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің су шаруашылығы ғимараттарының желілерін пайдалану және дамыту басқармасының сарапшысынан бастап Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаменті энергия үнемдеу және энергия тиімділігі басқармасының сарапшысы, сервистік индустрия технологиялық дамыту, теміржол тасымалдары басқармаларының бас сарапшысы, транзиттік саясат және көліктік логистика департаменті транзиттік саясат басқармасының басшысы, «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығында кеңесші қызметтерін атқарған.

2015 жылғы қаңтардан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек етті.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі