Демидовтар циркі

Шымкентке «Демидовы» халықаралық экстрим циркі келді. Қалада 21 қарашадан бастап 6 желтоқсанға дейін қонақта болатын өне ұжымының өзіндік базарлығы да бар. Өнерлі топ «Оңтүстік цирк» ғимаратында таңдай қақтырар қойылымдар қоймақ ниетте.

Демидовтар циркі

Бағдарламада арқанмен жүрушілер, сиқыршы-иллюзионистер, өлім доңғалағы, мотофристайл нөмірлері болады. Ұйымдастырушылар шымкенттік көрермендерге арнап бірнеше жаңа әрі эксклюзивті көрсетілімдерін ала келіпті. Цирк құрамында Кения, Италия және тағы басқа мемлекеттерден келген әртістер өнер көрсетеді.

Қойылымдардан құр қалмаңыздар. Барлық сұрақтар бойынша 8 776 644 00 02 телефонына хабарласуға болады.