Шымкент қаласында автокөлік ұрлаған жасөспірімдер ұсталды. Қараша айында Әл Фараби полиция бөліміне 36 жастағы қала тұрғыны шағымданып келген. Оның айтуынша, үйінің жанында тұрған Опель көлігін белгісіз біреулер ұрлап кетіпті.
Жедел іздестірген тәртіп сақшылары қала көшелерінің бірінде тұрған Опель көлігін байқайды. Ұрылар көлікті осында қалдырып кетіпті.
Арада көп уақыт өтпей осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 14 және 16 жасар жеткіншектер ұсталды. Олардың бірі студен болса, екеуі — мектеп оқушылары.
Бұған қоса көліктің ішінен жарақат салатын «Стражник» тапашасын тауып алды. Ол қару ұсталған жеткіншектердің біріне тиесілі.
Сұрау барысында бозбалалар көліктің есігін слесарь құралымен ашып кіріп, қала ішінде қыдыру үшін айдап кеткендерін мойындады.
Қазір осы оқиғаға байланысты екі бап бойынша қылмысты іс қозғалды. Күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхат беріп, босатылған. Сотқа дейінгі тергеу ісі жалғасуда.