Шымкенттік оқушылар Бразилиядан жеңіспен оралды

327
Шымкенттік оқушылар

Шымкенттегі қазақ-түрік ерлер мектебінің екі оқушысы халықаралық  MOSTRATEC-2015 ғылыми жобалар олимпиадасында ІІI орынға ие болды. Олимпиадаға әлемнің 22 елінің 785 оқушы қатысып, 300-ге жуық ғылыми жоба тіркелген.

Шымкенттік оқушылар

Елімізден 58 оқушы аттанған бұл жарыста шымкенттік жастар информатика саласында ғылыми жоба қорғап, үздіктер қатарына ілінді. Дарабоз оқушыларды мектеп мұғалімдері мен  ата-аналары  қарсы алды. Шымболат Туғанбай және Дәурен Ордабаев әлемдегі ең танымал сөзжұмбақ түрлерінің бірі – судокуның жаңа нұсқасын жасап, оның ең қиын судоку екенін дәлелдеп шықты. Мұнымен жеңімпаз жастар тоқтап қалмаймыз дегенді айтып, алдағы уақытта да жағымды жаңалықтарымен қуантуға уәде етті.

Шымболат Туғанбай және Дәурен Ордабаев

Айтып өтейік, MOSTRATEC халықаралық олимпиадасы – Бразилияда жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі дарындылар сайысы. Онда жеткіншектер ғылыми, шығармашылық, техникалық жобаларды ағылшын тілінде қорғап, таңдалған сала төңірегінде жаңалық ашуға тырысады.