Бразилиядан ірі қара мал транзитіне және сиыр етін әкелуге уақытша тыйым салынды

24
Әу баста Австралия құрлығынан қожалыққа 400 бас сиыр асып келген болса, бүгінде олардың саны 700-ге жетіп жығылады

Қазақстан Бразилиядан тірі ірі қара мал транзитіне және сиыр етін әкелуге уақытша тыйым салды. Тиісті шешімді ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті шығарды. Оған ірі қара малдың ауруы себеп болған.

«Халықаралық жануарлар денсаулығы ұйымының ақпараты негізінде 2023 жылғы 9 наурыздан бастап ірі қара малдың губка тәріздес энцефалопатиясына (BSE) байланысты Қазақстан аумағына Бразилиядан мына тауарларды әкелуге уақытша шектеу енгізіледі», – делінген құжатта.

Сондай-ақ Бразилиядан Қазақстан аумағы бойынша тірі ірі қара мал транзитіне де тыйым салынды.