Су есептеуіш құралдарын несиеге ауыстыруға болады

418
Су есептеуіш құрал

Енді Шымкентте су есептеуіш құралдарын несиеге ауыстыруға болады. Жаңа қондырғылар жертөлелердегі жәшіктерге орнатылады. «Су ресурстары Меркетинг» ЖШС мамандары үй төрағаларына жаңа жүйені таныстырды.

Су есептеуіш құралБұл қондырғы су шығынын азайтып, тұтынушыны жеке және жалпы үйдегі есептегіш құралындағы көрсеткіштің айырмашылығын төлеуден құтқарады. Жертөлелердегі су басудың алдын алып, тіршілік көзін тиімді пайдалануға септігі бар. Серіктестік жаңа қорғыны несиеге орнатып жатыр.

Тот басқан құбырлар мен істен шыққан бұрандалар енді  ақылды есепеуіш құралдарына ауыстырылады. Бүгінге дейін қаладағы 400 көп қабатты үйдің тұрғындары осы жүйемен есеп айырысады. Үй комитетінің төрағалары мен тұрғындар құптаса, бастама жаппай қолданысқа енеді.

Жаңарту жұмыстары аясында кәріз жүйелері де тазаланып жатыр. Жұмысшылар тал-дарақтың тамырлары мен тұрмыстық қалдықтардан жиналған қоқыстарды сыртқа шығарды. Айта кетейік, мұндай жұмыстар жылына екі рет ұйымдастырылып отырады. Мамандар шетелдерден арнайы әкелінген жаңа қондырғылардың арқасында кәріз жүйелерін қалпына келтіріп жатыр.